×

Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысын қабылдады

Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті

 Халық үні 10.10.2022 | 17:28
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

ҰҚШҰ бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама