×

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Қазақстанға маңызды кездесу өткізуге келе жатыр

Ол бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті

 Халық үні 10.10.2022 | 02:07
фото: mnsvu.org

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась жұмыс сапарымен Қазақстанға келе жатыр.

Бұл туралы 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді. 

«Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама