×

Мобилизация: Ресейден қанша адам кеткені белгілі болды

Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаннан кейінгі екі аптада федерация аумағынан шамамен 700 мың адам кетті.

 Халық үні 09.10.2022 | 21:21
Фото: CABAR.asia

Бұл туралы Forbes журналы Ресей президенті әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым мәліметінше, Кремльдегі ақпараттан хабардар бір дереккөз мобилизация басталғалы бері елден 1 млн адам кетті деп хабарлаған. Алайда президент әкімшілігіндегі тағы бір дереккөз Forbes журналына 600-700 мыңға жуық ресейлік кеткенін айтқан. Дегенмен дереккөз олардың қаншауы туристік саяхатқа шыққанын анықтау қиын екенін мойындаған.

Бұның алдында Қазақстанның ішкі істер министрі 21 қыркүйектен бері елге 200 мыңнан астам ресейлік кіргенін, олардың 147 мыңы Қазақстаннан шығып кеткенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама