Тоқаевтың лингвистика комиссиясында неге емтихан тапсырмайтыны белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Қазақстан президенті сайлауына қатысатын үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистика комиссиясында мемлеттік тілден емтиханды неге тапсырмайтынын түсіндірді.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау процедурасы кандидатурасы келесі өкілеттік мерзімге ұсынылған республиканың іс басындағы Президентіне қолданылмайды», - деді ОСК хатшысы.
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті.
Айта кетейік, бұған дейін лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдағанын жазған болатынбыз.