×

Республика күнін мерекелеу аясындағы демалыс күні ауыстырылды

Бұл шешім жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 14:34
фото: ашық дереккөз

Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама