Halyq Uni логотип
×

Алматы соты «Дикий Арманға» қатысты ақпарат жариялады

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

 Халық үні 06.10.2022 | 15:18
Алматы соты «Дикий Арманға» қатысты ақпарат жариялады
Арман Жұмагелдиев, фото: ашық дереккөзден

«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарланды.

6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты,- деп хабарлады.

Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

  • Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі (Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
  • Қылмыстық кодекстің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру);
  • Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру»).

Бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама