×

Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

Алатау ауданында бұл бағдарлама бойынша 15 500 бала қамтылған

 Динара Амантай 06.10.2022 | 11:03
Фото: egemen.kz

Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматының Алатау ауданында ArtSport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылған. Қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд теңге бөлді, – деді Ерболат Досаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы ArtSport бағдарламасына қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесінде айтарлықтай заң бұзушылықтар анықталғанын, 6 қылмыстық іс қозғауға негіз бар екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама