Halyq Uni логотип
×

«Орыстарды қыру керек»: Қазақстан елшісі Ресейдің сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақырып алып, бұндай жағдайдың қолайсыз екенін мәлімдеді

 Халық үні 04.10.2022 | 23:50
«Орыстарды қыру керек»: Қазақстан елшісі Ресейдің сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
ашық дереккөзден

РФ-дағы Қазақстан елшісі Ресейдің сыртқы істер министрлігіне шақыртылды, деп хабарлады РИА Новости.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі орыстарды өлтіруге шақырған Қазақстандағы Украина елшісі Петр Врублевский Астанаға қайта оралып, елшілік жетекшісі ретінде дипломатиялық кездесулерге қатысып жүргеніне назар аударды.

«Бұл адам Қазақстанның астанасында қайта пайда болды. Ол «жүгін жинап, отбасын алып кету» үшін келмегені көрініп тұр. Ешкімнен жасырынбай дипломатиялық кездесулерге қатысып жүр. 4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып алып, бұндай жағдайдың қолайсыз екенін мәлімдеді», – деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Айта кетейік, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан. Кейін Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Украина елшісі Петр Врублевскийді елден шығару туралы талап қоймағанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама