×

Новак Джокович Астанаға келді

Сербиялық теннисші жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелді

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 18:16
фото: ашық дереккөз

Атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Астанаға ұшып келді. 

Сербиялық теннисші Astana Open ATP 500 жарысына қатысады. Ол жексенбі күні аяқталған Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.

Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Astana Open ATP 500 жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген.

Новак алғашқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама