Жұмыс берушілердің қызметкерлерге берешегі 160 млн теңгеге жеткен

Қымбат Елтайқызы

44 кәсіпорын 890 жұмыскерге қарыз болып шықты

фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 90,2 млн теңге төленді.