Halyq Uni логотип
×

«Самұрық-Қазына» 2021 жылғы табысының 10%-ын ғана Үкіметке төледі

Қалғаны қарыздарын өтеуге және активтер сатып алуға жұмсалмақ

 Бауыржан Мұқанов 27.09.2022 | 12:43
«Самұрық-Қазына» 2021 жылғы табысының 10%-ын ғана Үкіметке төледі
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жалғыз акционері қордың 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni Қазақстан қор биржасы мәліметтеріне сүйене отырып.

KASE мәліметінше, қор 2021 жылы 1 649 215 765 000 теңге таза табыс тапты.

Қордың жалғыз акционері, яғни Үкіметтің шешімімен таза табыстың 170 млрд теңгесі дивидент ретінде акционерге төленді.

Қалған 1 трлн 459 млрд теңге қордың инвестициялық бағдарламаларын іске асыруға, қарыздарды қайтаруға, активтер сатып алу үшін қордың өзі мен оған қарасты компанияларда қалдырылды.

Яғни, қор 2021 жылғы табысының 10%-дан сәл астамын ғана Үкіметке төлеп, қалғанын өзінде қалдырып отыр. 

Еске сала кетейік, таяуда «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингіне қарасты компаниялардың басшылары 2021 жылы 7,5 млрд теңге көлемінде сыйақы алғаны хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама