Halyq Uni логотип
×

Алматылықтардың тағы 100-ден астамы қаржы пирамидасына алданып қалды

Ұйымдастырушыларға 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

 Динара Амантай 14.09.2022 | 14:56
Алматылықтардың тағы 100-ден астамы қаржы пирамидасына алданып қалды
Фото: Halyq Uni

Алматыда мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Қазір «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – делінген хабарламада.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама