×

Қостанайға көмек: қорға 700 млн теңге түсті

Ірі кәсіпкерлер мен қарапайым қазақстандықтар Әулиекөл ауданындағы дала өртінен зардап шеккендерге қолдау көрсетті

 Наима Нұрәлі 11.09.2022 | 09:29
фото: matritca.kz

Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан жерлестеріміз әп-сәтте барынан айырылып қалды. Жантүршігерлік өрт Әулиекөл ауданындағы орманды күлге айналдырып, 100-ден аса үйді шарпыды. Соның салдарынан жүздеген жерлесіміз баспанасыз қалды, - деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Бұл ретте баспанасыз қалған азаматтардың тұрғын үй құрылысына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемлекетпен бірге ірі кәсіпорындар, банктер, қайырымдылық қорлары атсалысып, өз қаражаттарына бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысын бастады. Әлі күнге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар тиелген автокөліктер келіп жатыр. «Қайырымдылық.KZ» қайырымдылық қорының шотына қазірдің өзінде 700 миллион теңге түсті, - деді Қостанай облысының әкімі.

Сондай-ақ ол өрт сөндірушілерге, полиция қызметкерлеріне, әскери борышын өтеген сарбаздарға алғыс айтып, қиын кезеңде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен ақ халатты абзал жандарға жылы лебізін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама