Мемлекеттен бөлінген 484 млн теңгені жымқырғандар сотталды
Олар бұл қаржыға құрал-жабдықтар сатып алуы керек болған
Қостанай облысында 484 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқарған 3 айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Ақша шаруа қожалықтарына субсидия ретінде яғни, күн энергиясын пайдаланып, құдықтардан суды алуға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар алуға бөлінген. Сот 3 айыпталушыны кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді, - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.