Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да шенеуніктер қарттарға бөлінген ақшаны жымқырған

Олар жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге көлемінде қаржы ұрлаған

 Динара Амантай 11.08.2022 | 15:51
ШҚО-да шенеуніктер қарттарға бөлінген ақшаны жымқырған
Коллаж: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында қарттар мен мүгедектер үйінің басшылығы 7,5 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел – алдын алу іс шаралары нәтижесінде «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады.

Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалардың 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама