×

Түлкібаста пара алған мектеп директоры 6 млн теңге айыппұл арқалады

Мұғалімнен 200 мың теңге пара алған мектеп директорына сот үкімі шықты

 Халық үні 25.07.2022 | 13:51
көрнекі фото: aigak.kz

21 шілдеде Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры Ақмарал Айсадыковаға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот үкімімен оған 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен тағайындалды.

А.Айсадыкова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жалпы қамқорлығы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, былтыр Қазақстанда мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары Әділет министрлігінде тіркелді. Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама