×

Есеп комитетінің тексерісінен кейін «Қазақфильмге» тиесілі 12 автокөлік сатылды

«Қазақфильм» активтерді тиімсіз басқарған

 Халық үні 19.01.2022 | 10:00
коллаж: Halyq Uni

Есеп комитеті 2019 жылғы желтоқсанда жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдарының активтерін басқаруға мемлекеттік аудит жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында «Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» АҚ-ның активтерді тиімсіз басқарғаны анықталды.

Осыған байланысты, «Казақфильм» АҚ-ға автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану немесе сату жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін АҚ аукциондық сауда-саттық жолымен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 12 көлік құралын сатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама