Баспана саудасы қай өңірде көп, қайсында аз екені де айтылды
Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 41,9%-ға кеміді, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
«2022 жылғы мамырда баспананы сату-сатып алу бойынша 30 500 мәміле тіркелді. Сәуірмен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9%-ға азайды. Сатып алу белсенділігі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жоғары, сәйкесінше 4 395 әрі 4 055 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (630). Қазақстандықтар көппәтерлі үйлердегі баспананы көбірек алады, мамырда барлығы - 21 078 мәміле болды. Көппәтерлі үйлерде екі бөлмелі пәтерлер жоғары сұранысқа ие. Мамырда 8 мың екі бөлмелі пәтер рәсімделсе, бір бөлмелі одан 1 мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған», – дейді бюро.
2022 жылғы мамырда баспананы сату-сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 36,9%-ға кеміген. Баспана нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелді – минус 64,6%.
Қалаларда пәтер қымбаттап жатыр. «Бір жылға шегеру керек»: Еліміздегі баспаналардың жартысы ОСИ-ге көшуге дайын емес. «Бомба түскендей». Елордада ОСИ құрып үлгерген кешен тұрғындары базынасын айтты.