Түркістанда халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бюджет қаржысы жымқырылған
Мемлекетке 130 млн теңгеден аса шығын келтірілді
Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден аса залал келтірілген.
«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен алдын ала сөз байласып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған, – делінгент ҚМА хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.