Қазақстанда 162 блогердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиард теңгеден асқан

Халық үні

Оқырманы 20 мыңнан асатын 745 блогердің статистикасы зерттелген

Мәди Такиев, министр

Қаржы министрі Мәди Такиев елдегі оқырманы көп блогерлердің кірісі мен шығысындағы айырмашылық миллиард теңгеге жеткен.

Астана қаласында өткен AFM онлайн конференциясында Қаржы министрі Мәди Такиев оқырманы 20 мыңнан асатын 745 блогердің статистикасын келтірді.

Бәрін тексеру мүмкіндігі болмаған сияқты, бірақ 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 млрд теңге сәйкессіздік анықталды, - деді министр.

AMF онлайн конференциясына аудиториясы 10 миллион адамды құрайтын блогерлер қатысты.

Еске салайық, биыл 2 наурыздан бастап Қазақстанда Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң күшіне енді. Бұдан былай блогерлер мен инфлюнсерлер әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жауапты болады.