Halyq Uni логотип
×

Жарты триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған – Смайылов

130-ға жуық басшы жауапқа тартылған

 Дәурен Ерболат 05.06.2024 | 12:22
Жарты триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған – Смайылов
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда аудит нәтижесінде 500 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс отырысында Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.

Палата төрағасы Әлихан Смайылов бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану дерегі әлі тіркеліп жатқанын жеткізді.

«Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит органы жүргізген аудит нәтижесінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңге болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата құқық қорғау органдарына 23 аудит материалын жіберді. 123 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа, 32 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Есепті кезеңде 28 млрд теңге қалпына келтірілді және өтелді», - деді палата төрағасы.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы өңірлерде қомақты қаржыға салынған кей нысандар әлі күнге дейін пайдаланылмай отырғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама