Сенат депутаттары заң жобасына түзетулер ензігіп, Мәжіліске қайтарған болатын
Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетулерді қолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
23 мамырда Сенат аталған заң жобасына түзетулер ензігіп, Мәжіліске қайтарды.
Құжатта енді алатын кредитіңіз 3,7 млн теңгеден асса, жұбайыңыздың рұқсаты керек деген норма бар. Сондай-ақ заң жобасында әскерден келген сарбазға 2 ай несие каникулы берілетіні қарастырылған.
Депутат Берік Бейсенғалиев комитет сенаторлар енгізген түзетулермен танысып шыққанын және онымен келісетінін жеткізді.
«Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуге болады деп есептейді», - деді ол.
Сенат заңға енгізген түзетулерде төмендегі нормалар қарастырылған:
Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліс депутаттары заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті.