×

Әскерден келген сарбазға 2 ай несие каникулы беріледі

Әскери борышын өтеп келген азамат 60 күн ішінде жағдайын реттеп үлгеруге тиіс

 Дәурен Ерболат 23.05.2024 | 14:05
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда әскери борышын өтеп келген сарбазға кредитін 60 күннен кейін төлеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы Сенат депутаты Сергей Карплюк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенат депутаты Сергей Карплюк заңға енгізілген негізгі нормаларды түсіндірді. Сондай-ақ құжатта сарбаздардың құқығын қорғайтын нормалар енгізілгенін атап өтті.

«Біз қолданыстағы заң жобаларын жақсартатын түзетулерді ұсындық. Заңға мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін 60 күнді енгіздік. Оған сәйкес банктер, микроқаржы ұйымдары оларға (несиені төлесін деп – авт.) талап қоймауы керек. Сарбаздың кредиттері бар дейік. Конституцияға сәйкес, ол Отан алдындағы борышын өтеп үйіне келді. Банк ұйымдары (несиені төлесін деп бірден талап қоймауы үшін) біз белгілі уақыт керек деп шештік. Үкімет қорытындысын берді. Осылайша, әскери қызметшілерге 60 күн берілді. Әскери борышын өтеген жастар 60 күнде жұмысқа орналасып, төлем қабілетін ретке келтіре алаы», - деді Сергей Карплюк Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, Сенат депутаты Сергей Карплюк алдағы уақытта жеке тұлғаның қаржы ұйымдарынан алатын несиесінің көлемі 3,7 млн теңгеден асатын болса, ол жұбайының рұқсатын алуға міндеттелетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама