×

Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі азаматтарды ескертті

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2024 | 10:30
фото: Halyq Uni

ҚР ІІМ белгісіз нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеуге кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе де жеткілікті, деп мәлімдеді stopfake.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық схема жайлы айтып берді.

Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Олар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берсеңіз, бұл жайында 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу айтыңыз, – деді баспасөз қызметі.

Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді қолданады. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс – президент. Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды. Интернет алаяқтарына алданған адамдарға 43 млн теңгесі қайтарылды. 44 миллионнан астам қоңырау бұғатталған: Қазақстанда алаяқтар халықты қалай алдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама