×

Интернет алаяқтарына алданған адамдарға 43 млн теңгесі қайтарылды

Қылмыстың осы түрін тіркеу 9,3%-ға қысқарды

 Дастан Жұмабекұлы 19.03.2024 | 15:05
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласында интернет алаяқтық қылмыстар арасында 2-орында тұр. Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, ІТ-технологиялардың даму қарқыны алаяқтарға қылмыспен айналысуға бар жағдайды жасап отыр. Дегенмен қалада заңсыз әрекеттердің осы түрін тіркеу 9,3%-ға қысқарса, қылмысты ашу көрсеткіші 5%-ға жақсарды.

Қазір полиция интернет-платформалармен, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі белсенді ақпараттық жұмыстың арқасында интернет-алаяқтықты тіркеуді азайта алдық. Кибернадзор ақпараттық жүйесі арқылы 362 ресурс анықталып, бұғатталды, – деді ол.

Оның айтуынша, былтыр полиция департаментінде «Киберпол» бөлімшесі құрылып, ІТ-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу жұмысы одан әрі жалғасып жатыр. Полицейлердің көмегі арқасында алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға 43 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Осы ретте полицияның өкілі отандастарымызға жеке деректерді ешкімге айтпау, жеке ақпаратты, телефонның құпия сөздерін немесе картаның CVR кодтарын ешкімге жібермеу, банктен келген кез келген қоңырауды, туыстарға қатысты кез келген жағдайды тексеру керектігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама