×

Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн адам бар

Олардың қарызы 1,6 трлн теңгеге жуықтаған

 Дәурен Ерболат 23.05.2024 | 15:18
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттік өкілінің айтуынша, олар 3 айдан бері несиесін төлемеген.

Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиесінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті.  Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі – 1,6 трлн теңге. Тұтыну несиесін алғандардың саны – 8,4 млн адам. Оның ішінде 90 күннен аса уақыт қарызын өтемеген 1,5 млн адам тіркелді, - деді Олжас Қизатов.

Еске салайық, биыл наурыз айында Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында 90 күннен астам төленбеген берешегі бар қазақстандықтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге, сондай-ақ 90-нан астам мерзімі өткен қазіргі берешектеріне сыйақы есептеуге тыйым салатын нормалар бары айтылды. 

Енді заң аясында несие алушыларға да, кредит берушілерге (қаржы ұйымдары) талап күшейеді. Halyq Uni тілшісі осы құжатты талқылауға белсенді атсалысқан бірқатар Мәжіліс депутатының пікірін білді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама