Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсамайтын күнге қашан жетеді - министр жауабы

Бүгінде тұрғындар табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды

 Дәурен Ерболат 21.05.2024 | 13:23
Қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсамайтын күнге қашан жетеді - министр жауабы
фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарға азық-түліктің қымбат екеніне шағымданбай, көбірек жұмыс істеуге кеңес берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында ведомство басшысына «Сұрағым азық-түлік бағасына қатысты. Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен сауда логистикалық кешендерін салу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Тиісті келісімге қол да қойылды. Сіздің ойыңызша, алдағы 10 жылда осы кешен жұмыс істесе, Қазақстанда азық-түлік арзандай ма? Себебі, қазақстандықтардың табысының жартысынан көбі азық-түлік сатып алуға жұмсалады» деген сұрақ қойылды.

Арман Шаққалиев аталған жоба көрші мемлекеттер арасындағы сауда-саттықты арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Біздің болжамға сәйкес, мұнда 10 жыл туралы сөз болып отырған жоқ. Бұл – 3-5 жылда іске асырылатын жоба. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан ішкі нарықты (азық-түлікпен) қанықтыру алдағы жылдардың еншісінде. Біз барлық позиция бойынша импортқа тәуелді емеспіз. Азық-түлік тұрғысынан айтып тұрмын. Ең басты тауарлар бойынша біз өзімізді қамтамасыз етіп отырмыз. Сондықтан барлық инфрақұрылым елдер арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған, - деді министр.

Журналист «Жоғары мақсат қойсақ, қазақстандықтар қашан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қояды?» деп сұрағын нақтылады.

Ведомство басшысы қазақстандықтарға шағымданбай, көбірек жұмыс істеуге кеңес берді. 

«Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов» деген сөз бар. Cондықтан сіз көбірек ақша тауып, көбірек (өнім) өндіруіңіз керек. Азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына тоқталайын. Мұнда бағалар құбылмалы. Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде, бәсекелестіктің деңгейі жоғары және нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позицияның қалай өзгеретінін айла алмаймын. Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек», - деді Арман Шаққалиев.

Қазақстан көршілес Қытаймен арадағы экспорт көлемін 45 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Премьер-министр: «Шикізаттық емес экспорт көлемін арттырудың маңызы зор».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама