×

Қазақстан көршілес Қытаймен арадағы экспорт көлемін 45 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Былтыр қос ел арасындағы сауда айналымы 5 млрд долларға жеткен

 Дәурен Ерболат 21.05.2024 | 11:32
көрнекі фото: Halyq Uni

2029 жылға қарай Қазақстан экспорт көлемін 45 млрд долларға жеткізіп, Қытаймен арадағы сауда-саттықты күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2029 жылға қарай экспортты көлемін 45 млрд долларға жеткізу үшін негізгі бағыттар анықталған. 

«Ең алдымен Қытайға басым назар беріліп отыр. Орта мерзімді перспективада дайын өнімнің экспортын 2,5 есеге ұлғайту және 12,5 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын қойып отырмыз (2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға шикізаттық емес тауарлардың экспорты – 5 млрд доллар).

Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шекара маңындағы саудаға қажет инфрақұрылым құрылуда», - деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айутынша, Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізуді ұлғайту пысықталып жатыр.

Біз үшін қазақстандық азық-түлік және органикалық өнімдерді сатып алуға, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыру бағытында жұмыс істеуге дайын Еуропалық одақтың нарықтары да басым бағыт болып саналады, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама