×

Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша төлем алды

Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады

 Қымбат Елтайқызы 05.05.2024 | 14:05
фото: egemen.kz

ҰОС-ның барлық қатысушысына 9 мамырға орай жергілікті бюджеттерден біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес, 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді, дейді Үкімет.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді. Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды, – делінген ресми ақпаратта.

Қазір республикада Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. ҰОС қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Бұған дейін мамырда қазақстандықтар неше күн демалатынын хабарлаған едік. Сонымен қатар ардагерлердің қай аурухана қамқорлығында екенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама