×

Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтар мамыр айында үш мемлекеттік мерекені тойлайды.

 Халық үні 02.04.2024 | 19:30
Фото: martebe.kz

Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені атап өтеді. Осы орайда қазақстандықтардың қалай демалатыны egov.kz сайтындағы 2024 жылға арналған мерекелер күнтізбесінде көрсетілген.

Қазақстандықтар мамыр айында үш мемлекеттік мерекені тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады: бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;

алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама