Жезөкшелерге өтемақы төленбек

Еркеғали Болатұлы

Оларды осы құқығы туралы хабардар ету бойынша тергеушілерге міндеттер жүктелді

фото: Halyq Uni

Құлдық пен жезөкшелік құрбандарына өтемақы төленуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте адам саудасы туралы заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған ІІМ басшысы Ержан Сәденов айтты.

Министрдің айтуынша, Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің әлеуметтік арнаулы қызметтер алуға құқығы көзделген. Оларды осы құқығы туралы хабардар ету бойынша тергеушілерге міндеттер жүктелді.

«Жәбірленішулерге өтемақы қоры туралы» заңға қосымша мына 3 қылмыс түрі енгізілді:

  • қанау мақсатында ұрлау;
  • бас бостандығынан заңсыз айыру;
  • жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу.