×

Түркістан облысында ауыл әкімдігінің қызметкерлері қомақты қаржы жымқырған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.03.2024 | 09:25
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысының прокурорлары халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура Жетісай ауданы Атамекен ауылының әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға жалған тартып отырған. Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған. Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан, – делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама