Алматылық борышкер балаларына 63 млн теңге алиментін төлемеген

Еркеғали Болатұлы

Лексус 570 тәркіленді

фото: Halyq Uni

Алматыда жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров мәлімдеді.

Алматы қаласында алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалып, 10 мамандандырылған кеңсе құрылған.

Алматыдағы ең үлкен алимент бойынша берешек – бүгінде 63 миллион теңге. Борышкерден мүлкі мәжбүрлеп алынып жатыр. Жақында Лексус 570 тәркіленді. Жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді, – деді Айдын Қайдаров.