×

Жер сілкінісі: Алматыда такси бағасы 22 мыңнан асып кетті

Кептеліс деңгейі 10 балға жеткен

 Еркеғали Болатұлы 04.03.2024 | 16:18
фото: Halyq Uni

Алматыда бүгін сағат 11:22-де болған жер сілкінісінен кейін қаладағы такси бағасы күрт өсіп, 10 балдық көлік кептелісі тіркелді.

Жерасты дүмпуінен кейін такси жүргізушілері қысқа қашықтың өзіне бағаны көтеріп жіберген. Мысалы, Медеу ауданынан Әуезов ауданына дейін такси бағасы 3 900-8 700 теңгені көрсетіп тұр. Ал қаланың жоғарғы жағынан төмен жағына қарай жету үшін 4 700-7 560 теңге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ мекенжайыңыз Алматының сыртында болса, такси жүргізушілері қызметі үшін 12 830-22 440 теңге сұрайды.

Шаһардағы жанармай құю бекеттерінің маңында және қала ішінде көліктер кептеліп тұр. 2gis электронды анықтамалығындағы мәлімет бойынша, Алматыда кептеліс деңгейі 10 балға жеткен. Қала халқы діттеген жеріне жете алмай әлек.

Еске сала кетсек, Алматыда бұған дейінгі жер сілкінісінде такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген болатын. Ал бүгін қала полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама