Екібастұз 2-МАЭС жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылған

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ын тексеру барысында 3-энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Расталмаған жұмыстардың көлемі – шамамен 1 млрд теңге.

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.