Абай облысында 26 кәсіпорын өңірді дамытуға қаржы бөлмей қойған

Еркеғали Болатұлы

Олардан 105 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алынды

фото: Halyq Uni

Абай облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелердің сақталуына талдау жасап, мемлекет кірісіне 105 млн теңгеден астам қаржыны өндірген.

Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар енді жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.

Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды.