«Аuto Seller» қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Халық үні

Азаматтарға келген шығын 404 млн теңгені құрады

Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 7 жылдан 9 жылға дейін сотталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылдың наурызында «Аuto Seller» ЖШС автокөлік бөлшектерін сатумен айналысатын қызметті бүркемелеп, қаржы пирамидасы ретінде құрылған. Қылмыстық топтың құрамында Д. Дәулетов, А.Жанасаев, К.Құдасов, О. Жайлаубай және басқа да адамдар бар.

«Аuto Seller» ЖШС басшылары азаматтардың көліктерін 20% қымбатқа сатып алатынындарын айтқан. Тіпті нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасқан.

Алайда ол көліктер басқа адамдарға арзан бағаға сатылып отырған.

Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы – 404 млн теңге.

Сот Дәулетовты 9 жылға, Жанасаевты 8 жылға, Құдасовты 7 жылға және Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.