Қарағанды облысында 253 млн теңге инвестициялық субсидиялар ұрланған
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің қатысуымен 253 млн теңге инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы субъектісі күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеуге төленді.
2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды облысының шаруа қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш берген. Соның негізінде оған қомақты қаражат төленген, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.