×

Мемлекетке 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды – Әлихан Смайылов

Сыртқа шығарылған активтер екі жолмен қайтарылады: ерікті және мәжбүрлі

 Дәурен Ерболат 23.11.2023 | 13:56
көрнекі фото: Halyq Uni

Бүгінде мемлекетке сыртқа заңсыз шығарылған 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарды. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы активтерді қайтару жұмыстары қабылданған заңға сәйкес қатаң түрде іске асырылатынын жеткізді.

Бұл қадамдар президент жүргізіп жатқан реформалар аясында жалғасып жатыр. Активтерді қайтарудың екі жол бар – ерікті және мәжбүрлі. Мәжбүрлі қайтару сот шешімдеріне сәйкес қатаң түрде іске асырылады. Осы заңның қолданылуы аясына қамтылатын адамдарға тоқталса, бұл кісілер әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденгендер, - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Премьер-министр бүгінде мемлекетке 1 трлн теңгеден аса активтер қайтарылғанын айтты: оның ішінде 600 млн теңгеге жуығы шетелден.

Айта кетейік, елімізде «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы қабылданды. 

Заңның негізгі мақсаты – Қазақстанның аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама