×

Ақтөбеде «Сыбаға» бағдарламасының ақшасына қол салған 3 күдікті қамалды

Олар мемлекетке 970 млн теңге шығын келтірді

 Динара Амантай 15.11.2023 | 10:30
Фото: видеодан скриншот

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға бөлінген несиелік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген 3 адам анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Қазір 3 күдікті ұсталды. Оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібімен тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама