×

Маңғыстау облысында 76 мың адам мүлік салығын төлемей жүр

Енді олар сот орындаушыларына қарыз мөлшерінің 25 пайызын төлеуге міндеттеледі

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 12:25
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында 76 мыңнан астам адам мүлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Қазір олардың қарызы 105 млн теңгеден асады.

Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы берешек 15 қарашаға дейін төленбесе, оларға шетелге шығуға әрі мүліктерін қолдануға шектеу қойылатынын хабарлады.

Сондай-ақ банктегі есепшоты бұғатталып, сот орындаушыларына қарыз мөлшерінің 25 пайызын төлеуге міндеттеледі.

Жалпы, бүгінде осы өңірде салық берешегін кешіктіріп төлейтіндер азаймай тұр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама