Halyq Uni логотип
×

Биыл Қазақстанда 35 қаржы пирамидасы жойылды

Сондай-ақ биыл шамамен 7 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды

 Айнұр Шошаева 12.11.2023 | 10:00
Биыл Қазақстанда 35 қаржы пирамидасы жойылды
фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері елімізде қаржы пирамидасын жарнамалаған 7 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды, деп хабарлады Halyq uni.

Биыл республика бойынша 50 қаржы пирамидасы анықталып, бүгінде оның 35-і жойылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деді ҚМА превенция басқармасы басшысының орынбасары Андрей Давыдов.

Оның айтуынша, қаржы пирамидаларын анықтауға ІТ жүйелер көмектесіп жатыр.

ІТ құралдарды пайдалана отырып, интернет желісіндегі қаржы пирамидаларын анықтау бойынша жұмыс істеледі. Заңға қайшы жобаларды анықтап, одан кейін оларды бұғаттау үшін кибер қадағалау жүйесіне енгіземіз. Ақпарат министрлігі ол жобаларды қарап, сайттарды бұғаттау туралы шешім қабылдайды. Осы алгоритм бойынша биыл шамамен 7 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.

Былтырмен салыстыратын болсақ, өткен жылы 6,5 мың болған еді, биыл 9 айда 7 мыңға жуығы анықталды. 2021 жылы небәрі 600-ге жуық бұғаттау болған еді. Яғни ІТ жүйелерді қолданудың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама