«Қазарнаулыэкспорт» басшылары 1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
«Қазарнаулыэкспорт» РМК қызметінің мақсаты – ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету.