Halyq Uni логотип
×

Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды

Қазір 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылды

 Динара Амантай 04.10.2023 | 10:37
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, аталған ЖШС-ның құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардан қаражат тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді іске асырғаны анықталған. Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 мың теңге. Төлемдер келісімшарттарына сәйкес, 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде іске асырылады.

Сонымен қатар, «MegaSnabGroup.KZ» және «Азия Сталь Казахстан» ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады. Бұған қоса компаниялар әрбір тартылған инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді.

Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Қазір 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама