Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті
Қандай төлемнің қаншаға көбейгені белгілі болды
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер көлемі артты, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5%-ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4%-ға ұлғайды. Төлемдердің жиынтық көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9%-ға жоғарылады», – дейді еңбек министрлігі.
Министрлік мәліметінше, МӘСҚ-тан берілетін төлемдерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтін қатысушылары базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.
Мәселен, МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 81,6 мың адам алады. Егер мүгедектігі бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 608 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескеріп, азаматтар барлығы 84 353 теңге алады.
МӘСҚ-тан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 54,2 мың адам алады. Егер асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа көлемі 45 627 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескеріп, азаматтар барлығы 76 443 теңге алады.
Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарға берілетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын алушыларға берілетін төлемдерге қарағанда шамамен 30 мың теңге жоғары, – дейді ведомство.
МӘСҚ-тан жоғары көлемдегі әлеуметтік төлемдер сәуір мен мамырдағы қосымша ақыны ескеріп, биылғы маусымда аударылады.
Биыл ана мен баланы қолдауға 77 млрд теңге төленді. Мүгедектерге арналған жәрдемақы 30 мың теңгеге арта ма - министрлік жауабы. «Масыл болғым келмейді». Жұмысқа тұрғысы келетін жетісулық зағип жандар биліктен көмек күтеді. Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлағандар қамауға алынды. Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері Ресейден 17 есе артық.