Бұл Қазақстан нарығына да тікелей әсер етіп отыр
Премьер-министр Әлихан Смайылов әлемдегі және елдегі экономикалық жағдай жайлы айтып, шенеуніктерге тапсырма берді.
Премьердің мәліметінше, Қазақстанда жылдық инфляция деңгейінің артуы байқалып отыр. Оған негізінен азық-түлік тауарлары бағасының өсуі әсер етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы деректері бойынша, дүние жүзінде азық-түлік бағасы соңғы 12 айда 36%-ға өскен. Әлемде, әсіресе, қант, ет әрі сүт өнімдерінің бағасы өсіп барады. Бұл өз кезегінде еліміздің нарығына да тікелей әсер етіп отыр.
Қазір үкімет инфляцияны тежеу бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысты тиімді қамтамасыз етіп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы керек, – деді үкімет басшысы.
Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Азық-түлік бағасына қатысты тиімсіз жұмыс істеген әкім орынбасарлары жазаланады. Елімізде азық-түлік қаншаға қымбаттағаны белгілі болды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен 11 өңір анықталды.