Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады
Атырауда «QazHome» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативін құрып, оған кірген жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан пайда тапқан. Бұл ретте олар кейбір қатысушылардың активтерін және жарналарын өзара қайта бөлу арқылы баюды көздеген.
Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді.