Halyq Uni логотип
×

Былтырдан бері жемқорлардан 151,6 млрд теңге тәркіленді

Қорда жинақталған қаражат мектеп салуға жұмсалады

 Халық үні 17.08.2023 | 09:11
Былтырдан бері жемқорлардан 151,6 млрд теңге тәркіленді
Фото: Halyq Uni

Елімізде жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынады. Үкіметтің баспасөз қызметі ол мектептер 76 мың балаға шақталғанын хабарлады.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, - делінген ақпаратта.

Жалпы Қор құрылған 2022 жылдың желтоқсанынан бері есепшотқа 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мектеп құрылысына қаражат бөліне бастағанын айтты.

Республикалық бюджет комиссиясында 62 мектептің құрылысына 90 млрд теңгеге жуық қаражат белгіленді. Бұл былтырдан бері жиналған қаржы. Оқу-ағарту министрлігі ереже қабылдады. Сол ережеге сәйкес, біз қаражат бөлуді бастадық. Елімізде салынатын барлық мектептің саны – 62. Құрылыс қарқынына байланысты қалған қаражатты бөлуді жалғастырамыз, - деді вице-премьер.

Жемқорлардан тәркілеткен қаржыға Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысында 62 мектеп салынады. Сондай-ақ тізімде Астана қаласы да бар.

Оның ішінде Алматы облысында – 10, Жамбыл облысында – 6, Түркістан облысында – 9, Астанада 10 мектеп салынады. Тізімді мына жерден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама