×

Жалақы дауы: кәсіпорын басшыларына 87,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Еңбек инспекторлары 15,3 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

 Динара Амантай 08.08.2023 | 10:55
Фото: Halyq Uni

Жұмысшылардың жалақысын төлемеген кәсіпорын басшыларына 87,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 597 кәсіпорнның 18,2 мың жұмысшыға 4,4 млрд теңгеден астам  берешегі бар екенін анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама