×

БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық күдігіне ілінді – Антикор

Қылмыстық іс сотқа жолданды

 Халық үні 08.08.2023 | 09:21
фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлыққа күдікті. Бұл туралы Антикор мәлімдеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Күдікті кінәсін толық мойындамағандықтан, ол процессуалдық ұстауға алынбаған.

Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама